Ауру «АУРУХАНАДАН» басталады...
Ауру «АУРУХАНАДАН» басталады...

Өз басым «АУРУХАНА» деген атауға қарсымын...

Алла Тағала Қасиетті Құран Кәрімде: «Құлдарыма айт! Сөздің ең көркемін сөйлесін!», – дейді. Ал Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Жақсы сөз – садақа» дейді. Сүлеймен Пайғамбардың да (а.с.): «Көркем сөз – араның ұясынан тамшылап аққан бал секілді, адамның рухына дәм берер», – деген сөзі бар екен. Медицинаның атасы Ибн Сина да науқастың алғашқы дауасы жанға жайлы сөзден демей ме? Қазақта да жақсы сөзге қатысты жақсы сөздері көп: «Жақсы сөз – жанға дауа», «Жақсы сөз – жанның тынысы», «Жақсы сөз – жарым ырыс».

Сондықтан да, ауырып шипа іздеп барғанда маңдайшадағы «АУРУХАНА» деген жазудан гөрі «ШИПАХАНА» деген жазуға көзің түссе, көңілің де жадырап салмай ма? Жақсы сөз – көңілдің кілті, көркем сөз – дертке дауа емес пе? Ендеше «аурухананы» «шипахана» деп ауыстырсақ болмай ма?

Сурет "Азаттық радиосынан" алынды

Ибн Сина, пайғамбар, Аллаһ, аурухана, көркем сөз, шипахана, Мақал, Жақсы сөз
Салтан СайранұлыСалтан Сайранұлы
2 жыл бұрын 915
7 пікір
  • Ассалаумағалайкум, Салтан бауырым! Өте орынды айтылған ұсыныс. Полицияхананы да өзгертсе "Халық сақшылар үйі" деп. Бірақ бұлардың маңдайшаларына ешқашан "Хош келіпсіздер!" деп жазылмайтыны хақ.
    2 жыл бұрын
  • Уағалейкумсалам, аға! Иә, оларға да өзгеріс керек секілді. Адамдар полициядан және дәрігерден қатты қорқады ғой бізде... өкінішті-ақ...
    2 жыл бұрын
  • Расында «АУРУХАНА» деген сөзді естігім келмейді )
    2 жыл бұрын
  • Орынды ұсыныс. Емхана деген бар ғой қолданыста. Тек қолдану аясын кеңейту керек.
    2 жыл бұрын
    • Бізде "емхананы" "поликлиникаға" ғана қолданады. Ал "аурухананы" орыстың "больницасынан" аудара салса керек. Сондықтан да, я поликлиниканы да больницаны да "емхана" деу керек, я болмаса "больницаны" "шипахана" деген дұрыс болар...
      2 жыл бұрын
  • Дұрыс айтасыз. Тілге жатталған "емхана" деген атауы да бар ғой, соны қолданайық.
    2 жыл бұрын
  • Aliya
    "Korkem soz - aranyn uyasynan tamshylap akkan bal sekildi, adamnyn ruhyna dam berer"...
    1 жыл бұрын
Блог туралы
0
63142 162 215 2736 119