Баламыз басымызға кеп гәзет оқымасын...
Баламыз басымызға кеп гәзет оқымасын...

Бірде әкесі баласын бақилық болған әкесінің мазарына ертіп апарып, білген-жаттағанын оқып, Құран бағыштапты да, баласына: «Көрдің бе, балам! Атаңның басына келіп, өзі үйретіп кеткен Құран-дұғасын оқып, бағыштап отырмын. Ертең мен өлген соң сен не оқисың маған?», – дейді. Сонда баласы: «Молынан гәзет оқимын, әке!», – депті. Әкесінің төбесінен жай түскендей болып: «Жайшылық па, балам? Гәзеті несі тағы?», – деп аң-таң бола қапты. Баласы да саспастан: «Саған атам не үйретсе, сен соны оқыдың, мен де сенен не үйренсем, соны оқимын да...», – деееп жауап беріпті.

Рас, бала «ұядан не көрсе, ұшқанда соны іледі». Ал біз отбасымызда, балаларымызбен отырып Қасиетті Құранның бетін ашып оқып жүрміз ба? Құран оқуды күнделікті әдетке айналдырдық па? Қасиетті Кітабымызға «Құран» атауы да «дүниеде ең көп оқылатын» кітап болғаны үшін берілді емес пе? Ал біздің өмірімізде «ең көп оқылатын» не? «Facebook» па, «Вконтакте» ма, жоқ әлде «Twitter» ма?

Пайғамбарымыздың (с.а.у.) «артында дұға қылатын ұрпағы қалғанның амалы тоқтамайды» деген. Біз қандай ұрпақ қалдырып барамыз... Ойландық па? 

бала тәрбиесі, отбасы, Құран, әке, қабір, газет, Құран бағыштау
Салтан СайранұлыСалтан Сайранұлы
2 жыл бұрын 961
1 пікір
Блог туралы
0
63142 162 215 2736 119