«МҰСЫЛМАН-ГЕЙ...»

Бүгін NUR.kz сайтына «Алматының гейі Қазақстандағы гомофобия жайында айтып берді» (Гей из Алматы рассказал о гомофобии в Казахстане) деген тақырыпта мақала жарық көрді. Сайттағы тақырып қарабайыр болғанымен, әлеуметтік желіде (Facebook) бөлісерде басқаша кейіпке енеді. Ондағы тақырып: «Алматының МҰСЫЛМАН-ГЕЙІ Қазақстандағы гомофобия жайында айтып берді», – деп шығады. Тақырып шақырып тұрған соң әркім бас сұғады да «бұл не қылған мұсылман?» деп. Сондықтан біз де шақырдық жұртты тақырыпты «Мұсылман-гей» деп қойып.

Nur-дағы нұрсыз мақаланы бастан-аяқ оқып шықтым. Оқып шықтым да, бұған үн қатпай қалған жарамас дедім.

Мақала «Жалпы қабылданған норма бойынша кез-келген қоғамның 10 пайызы дәстүрлі емес жыныстық қатынастағы адамдардан тұрады. Қазақстан бұдан тыс емес» деп басталады. Бұл деректің қайдан шығып, қайдан алынғаны жайында NUR.kz ешқандай сілтеме көрсетпеген, сондықтан да бұған сене алмаймыз. Қазақстанды бұл қатарға қосып жіберуі де – әбестік.

Әрі қарай мақала 26 жастағы Асланның әңгімесімен өрбиді (Бұл адамның расымен де бары-жоғы белгісіз). Басында сау болған жігіт өсе келе бойында бір түрлі сезімдер пайда бола бастаған. Тіпті, онымен күресе бастаған (И я боролся. Я думал: нет, я не такой, все нормально).

Ақырында, бұл ауытқушылығы бойын жеңіп, тізгінді беріп қойған. Осылайша болмысының бұзылғанына көндіккенін айтады ол. Болмысы бұзылмаған болмаса, ауытқушылығы болмаса мына сөзді айта ма: «Это был такой возраст, когда тебе вообще все равно. Когда ты готов на секс со всем, что движется».  

Бұл сау емес сезімге бойын билетіп алған соң оны «табиғи бір сезім» деп ақтап шығу да қиын емес. (Это естественное желание, которое ты не можешь контролировать).

Кейін оның «көгілдір» екенін анасы біледі. Бірақ, баласын «ауылына қайтармақ болған» анасының әрекетінен түк шықпайды. Соңында анасы баласының жан саулығы мен тән саулығын тілеп қалады. (На данный момент для нее, как и для любой матери, главное, мое благополучие. Физическое и душевное). Оның ойынша, «көгілдір ауруы» жан саулығы екен.

Байқап отырсам, мақаладағы әрбір сөз,  әрбір сөйлемнің астары дәстүрлі емес жыныстық қатынасты «дәстүрлі» етіп заңдастырып шығуға әрекет етеді.

Мақаланың желісі де өте шебер құрылған. Әуелі өз жайын баяндай келе, отбасындағы жағдайға түседі. Сосын барлық жанұяға үн қатады. (Я хочу, чтобы все матери меня услышали! Насколько вы любите своих сыновей? Насколько вы хотите, чтобы они реально были счастливыми? Подумайте об этом. Ведь важнее, чтобы он реализовал себя в жизни, остался хорошим человеком, чтобы он выжил, в конце концов, чем думать о том, с кем он будет спать). Оның ойынша, отбасының және қоғамның түсінбеуінен гейлердің өз-өзіне қол жұмсауы көбейіп келеді-міс. Осылайша ол сөзін қоғамға қарай бұрып, өз уәжін жеткізіп қалады.

Арасында сезім қылын шертетін сөздерімен бала сүйгісі келетінін де айтып өтеді (Я очень хочу иметь детей). Бұл да бір жыныстылардың некесін заңдастырып, балалы болу құқығына рұқсат беруді меңзегені. (Сейчас медицина позволяет все, что угодно. Так что не обязательно, чтобы рожать ребенка, нужен секс с женщиной).  

Жалпы, бір тізгіні Ібілістің қолында тұрған ЛГБТ қозғалысының (Лесбиянка, гей, бисексуал және трансгендер) артында алпауыт күштің тұраны мәлім. Халықаралық лесбианка және гейлер қауымдастығының (ILGA) 2014 жылғы мәліметіне сүйенсек, БҰҰ-ға мүше 113 елде бір жыныстылардың некесіне заңды тұрғыда рұқсат берілген. Мұндай жиіркенішті заңды енді қалған елде қабылдаттыру үшін бұлар барын салуда. Солардың арасында негізгі нысанада Қазақстан да бар. Соңғы жылдары Құдайдың қарғысына ұшыраған бұлар барынша белсенділік танытып кетті. Гей-клубтарын ашып, гей-парадтарын ұйымдастырып, БАҚ көздері арқылы үн шығарып, ашық әрекетке көше бастады. Арттарында тұрған алпауыт күш те бұлардың қолтығынан су бүркеп, елімізде заңның қабылданып кетуіне ықпал етуде. Мәселен, 2022 жылы болатын қысқы Олимпиаданың Алматыда өтпеуіне гейлердің қоғамымызда, заңымызда құпталмауы себеп екені де жазылған еді. Яғни, Халықаралық Олимпиада комитеті өздерінің шарт-талаптарына түзетулер енгізіп, оған гейлердің де құқығы енгендіктен, гей-парадқа рұқсат бермей отырған Қазақстан өз жерінде Олимпиада өткізу мәртебесінен қағылған болатын. Осыдан-ақ, ЛГБТ қозғалысының құрығы қаншалықты ұзын екенін де көруге болады. Бірақ, біржыныстылардың некесін елімізде заңдастырмау үшін қайтсек те ТАБАНДЫЛЫҚПЕН ҚАРСЫ ТҰРУЫМЫЗ КЕРЕКТІГІН әрқайсымыз білген жөн.

Аслан бұл мәселеге де «көзімізді шұқығандай боп» екпін түсіре кетіпті. (Наше общество не готово принять геев. И отчет организации Human rights перед оглашением результатов выбора столицы олимпиады ясно дал все понять). Біз мұсылмандардың қаны суша аққанда көз жұма қарайтын «Human rights» ұйымының бізге жөн сілтейтін жөні жоқ дегіміз келеді.

NUR.KZ мақаланың ішінен «Мен – мұсылманмын» деген тақырыпша қойып, Асланның қисынсыз сөздеріне орын береді. Аслан өзінің мұсылман екенін, бала кезінен Ислам ортасында өскенін айтып, «геидің жаман нәрсе екені» ешбір дінде жазылмағанын тілге тиек етеді (Ни в одной религии не писано, что геи – это плохо). Бұл өтірігі де халықты әсте сендіре алмас. Алла Тағаланың еркекке күйлеген Лұт қауымын жерден тып-типыл етіп азаппен жойып жібергенін Қасиетті Құраннан жақсы білеміз. Бұл қауым Тәурат пен Інжілде де лағнеттелген. Құран Кәрімнің Ағраф сүресінде бұл қауым жайында: «Сендер, расында, әйел затына жуымай еркекке шабасыңдар. Сендер анық азғын жұртсыңдар!», ­– деп ескертеді. Осы сүренің 84-аятында оларға қандай жаза келгенін де жазады. «Оларға тас жаңбыр жаудырдық», – дейді Алла. Немесе Һұд сүресінің 82-аятында: «Жаза әміріміз келген заматта олардың мекен-жайларының астаң-кестеңін шығардық және үстілеріне отпен қыздырылып әзірлеп қойған тастарды үстемелей жаудырдық», – дейді құдіреті күшті Раббымыз. Ендеше Лұт қауымының бүгінгі «неменелері» де бұл азапқа әбден лайықты. Пайғамбарымыз (с.а.у.) да бұларды лағнеттеген. Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Лұт қауымының тірлігін істегендер – малғұндар (лағнеттелгендер)» деген. Тіпті, Иран, Йемен, Мавритания, Сауд Арабиясы, Судан және Нигерия мен Сомалидің кейбір аймақтарында гомосексуалдарға өлім жазасы бар.

«Я читаю суры из Корана, молюсь перед сном. И я себя чувствую очень хорошо после молитвы», – дейді Аслан. Егер Аслан деген біреу бар болса, оған Лұт қауымы жайындағы аяттарды оқы дер едім. Оның бұл сөздері мұсылмандардың ішін жылытпас. Тіпті, Әнас ибн Мәлик: «Қаншама Құран оқушы бар, Құранның өзі оларды лағнеттейді», – дейді. Яғни, Құранды оқып, оған амал етпеген соң, ондай жандар да Құранның қарғысына душар болады. Алла бұдан сақтасын!

Қысқасы, мақаланың дәстүрлі емес жыныстық қатынастың сойылын соққан мүдделілердің тарапынан шебер ұйымдастырылғаны көрініп тұр. Бұны жарыққа шығарған NUR-дан да нұр қалмаған. Бұрын да болмаған. Сондықтан да, мұндай «қылымсыған мақалалармен» ақпараттық айдынымызды былғамағанымыз жөн болар.

Өз басым мұндай мәселелерге көз жұмуға, үнсіз қалуға болмайды деп санаймын. «Бұға берсең, сұға береді» деп осындайға айтылған. «Біздің ауылдан алыс қой» деп немқұрайлық танытқаннан бар бәле басыңа келеді. Біз үнсіз қалғанда ұлымыз бір еркекпен, қызымыз бір әйелмен қол ұстасып кетіп бара жатпасын...

Мұсылман, Құран, хадис, гей, nur.kz, лағынет
Салтан СайранұлыСалтан Сайранұлы
4 жыл бұрын 9654
17 пікір
  • Осы мақаланы әлеуметтік желілерде бөлісіп тастасақ жөн болар еді.
    4 жыл бұрын
  • Иә, орамал жамылғандар мен сақал қойғандарға (сәләфтарды айтып отырғаным жоқ) ала көзбен қарағанша, осындайларға қарсы тұра білсе екен халқымыз...
    4 жыл бұрын
  • салтан жарығм, позитивті жаңалықтар күтемиз
    4 жыл бұрын
  • Дінімізбен дәстүріміз мүлдем құптамайтын, адами болмысымызға қайшы, осындай азғындықтың шегіне қалай қарап тұра алмақпыз... Барымызбен бұл азғындықтың Қазақстан аумағына кең жайылып, етек алмауына ат салысуымыз керек деп ойлаймын... Алла сақтасын олар мен бірге бір қоғамда өмір сүру қанлай жиркенішті...
    4 жыл бұрын
  • экстремист ретінде қарастыру керек шығар
    4 жыл бұрын
    • Нағыз экстремистер осылар ғой. Ертең осылардың кесірінен Алла елімізге азап жіберсе, бәрімізге кесірі тиеді.
      4 жыл бұрын
      • Алла пайгамбарга уаде берген болатын: "Сен барда оларга азап келмейди" деп. Кешириниз кай суре кай аят екенин умытып отырмын. Алайда, "Пайгамбар жайлы 101 сурак" деген китаптан окыгам. Мусылмандар Пайгамбардын мурагерлери. (Аманатты алып жургендер бар, алып журе алмайтындар бар) Ягни биз барда, Алла ондай занбузушыларга азап жибермейди. Олардын жазасы акыретте. Сол ушин уайым кылманыз. Алла алги Асланды каласа тузу жолга салады, каласа осылай калдырады. Алла оны тузу жолга салсын деп тилейк, болмаса онын зиянынан мусылман умбетин сактасын деп тилейк!
        4 жыл бұрын
  • елден аластаудан басқа жазасын көріп тұрғаным жоқ
    4 жыл бұрын
  • Осы мақаланың орысша нұсқасы бар ма!? Орыс тілді миқатырғыштарға жіберу керек еді?
    4 жыл бұрын
  • Орысшасы Nur kz тұр
    4 жыл бұрын
    • Қайта сол нур.кз тегі мақалаға қарсы мақала бұл. Сосын сол нур.кз ті бұрыннан ұнатпаушы едім. Расталды. Мүлдем сол сайтқа байкот жариялау керек.
      4 жыл бұрын
  • Жиіркенішті қандай?ертеңгі ұрпақты қауіптен қорғау үшін мына кеселден құтылу керек,
    4 жыл бұрын
Блог туралы
0
143599 163 216 2797 119