«Уау» боп тудық па, «уау» боп өтейікші өмірден... (ВИДЕО)
«Уау» боп тудық па, «уау» боп өтейікші өмірден... (ВИДЕО)

Бойына сиқырлы сырлар бүккен Ислам ғылымы, мәдениеті, өнері әлі күнге дейін әлемді таңғалдырудан кенде қалған емес. Ғылымға тұнған Құран Кәрімнің әрбір сүресі, әрбір аяты, тіпті әрбір әрпі де адамзат үшін сыр мен хикметке толы. «Әлиф. Ләм. Мим», «Хәм. Мим», «Иа. Син» секілді жалғыз әріптерден ғана құралып, бүтін бір аят болған бұл қасиетті кәләмдардың сырлары әлі күнге дейін жұмбақ. Ұғымы тек бір Алла ғана аян.

Ислам өнерінде осындай жекелеген әріптер бүгінде белгілі бір мәні бар символға да айналып үлгерген. Мәселен, бүтін ислам дүниесіне әмірі жүріп тұрған кешегі Осман империясының бүгінгі мұрагері Түркияның көптеген мешіттерінен арабша «уау» әрпін көп кездестіресіз. Және де бұл «уау» әрпінің мешіттерде ерекше сән беріп тұрғаннан бөлек өзгеше мән беріп тұрғанын да аңғарасыз. Олай болса, бұл «уау» әрпінің мәні мен маңызы не? Бойына қандай сырлар бүккен? Осыған қатысты сіздерге шағын ғана бір зерттеуімді ұсынып отырмын.

Салтан СайранұлыСалтан Сайранұлы
2 года назад 1682
32 комментария