ҚЫЗДАРЫМНАН БІР ҒИБРАТ...
ҚЫЗДАРЫМНАН БІР ҒИБРАТ...

Қыздарымның шахмат үйіріне барып жүрген кезі ғой. Үйірмеден үйреніп келгендері бойынша үйде өздерінше шахмат ойнайды. Бір күні шахматқа барып жүрген үшеудің кіші екеуі фигуралардың жүрісіне дауласып қалды. Ең кішісі фигураға лайықты жүріспен жүрмесе керек, сәл үлкендеуі әлгінің қатесін түзетіп әуре. Кішісі де өз дегенінен қайтар емес. У да шу. Бұны байқап отырған үлкен қызым:

– Қараңдар, одан да былай ойнасаңдаршы! Мынау (король) – әкесі, мынау (ферзь) – анасы, ал мыналар (пешкалар) – балалары, – деді де екеуіне де ортақ бір ойынды ұйымдастырып кеп жіберді. Дауласып отырған екеуі сап тыйылды да, үлкен әпкелерінің бастап берген ойынын тату-тәтті жалғастырып әкетті.

***
Қыздарымның қылықтарына қарап отырып, “адамдардың арасында дау мен түсініспеушілік “өзімбілемдіктен” басталады екен ғой” деген ойға кенелдім. Адамдарды табыстыратын тек ортақ құндылықтар ғана екеніне қызымдарым тағы да көзімді жеткізді. Ортақ құндылықтарға құрмет қалмаған қоғамда дау да көп болады. Қазақ үшін ортақ құндылық СӨЗ болған. Сондықтан да қазақ қандай үлкен дау болмасын, ПӘТУАЛЫ СӨЗГЕ ТОҚТАҒАН. Бүгінде бұл сөз құндылығына құрмет қалмағандықтан қадірі кеткен, қадірі кеткендіктен де әркім “өзімбілемдікке” салып жүр.
Ендеше қай ортада болмасын ортақ құндылықтарымыздан сөз етіп, жүйелі сөзге жол берейікші…

https://www.instagram.com/saltan_sayranuly /

тәрбие, отбасы, қыз, шахмат, дін, қазақ, Құндылық
Салтан СайранұлыСалтан Сайранұлы
3 жыл бұрын 8841
0 пікір
Блог туралы
0
251713 163 216 2798 119