Өз басым «АУРУХАНА» деген атауға қарсымын...
Алла Тағала Қасиетті Құран Кәрімде: «Құлдарыма айт! Сөздің ең көркемін сөйлесін!», – дейді. Ал Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Жақсы сөз – садақа» дейді. Сүлеймен Пайғамбардың да (а.с.): «Көркем сөз – араның ұясынан тамшылап аққан бал секілді, адамның рухына дәм берер», – деген сөзі бар екен. Медицинаның атасы Ибн Сина да науқастың алғашқы дауасы жанға жайлы сөзден демей ме? Қазақта да жақсы сөзге қатысты жақсы сөздері көп: «Жақсы сөз – жанға дауа», «Жақсы сөз – жанның тынысы», «Жақсы сөз – жарым ырыс».
Сондықтан да, ауырып шипа іздеп барғанда маңдайшадағы «АУРУХАНА» деген жазудан гөрі «ШИПАХАНА» деген жазуға көзің түссе, көңілің де жадырап салмай ма? Жақсы сөз – көңілдің кілті, көркем сөз – дертке дауа емес пе? Ендеше «аурухананы» «шипахана» деп ауыстырсақ болмай ма?
Сурет "Азаттық радиосынан" алынды