Бесін намазын оқиын деп мешітке кірсем, қазақтың тақиясын киген бала көзіме оттай басылды. Жанына жақындадым да:
– Кім боласың? – деп сұрадым. Ол да:
– Қазақпын! – деді.
– Атың кім?
– Ислам.
– Нешедесің?
– Ондамын.
– Әкең аты кім?
– Бауыржан?
– Мұнда не істеп жүрсің?
– Осында тұрамыз.
– Әкең қайда?
– Қазақстанда, Павлодарда.
– Сен кіммен тұрасың?
– Түрік әкеммен.
– Есімі кім?
– Февзи.
– Қанша жыл болды келгендеріңе?
– Төрт жыл болды.
– Оқисың ба?
– Иә, мектепте оқимын.
– Қанша ағайынсыңдар?
– Бесеуміз.
– Бесеуің де туғансыңдар ма?
– Жоқ, үлкен екі әпкем және мен – бір туғанбыз. Қалған екі бауырым – түрік.
– Әкең немен айналысады?
– Қайық-кеме жөндейді.
– Елге барып тұрасыңдар ма?
– Иә. Атам мен әжеме барып тұрамыз.
– Қай ел боласың?
– Қоңырат.
– Атаң мен әжең қайда?
– Атырауда.
– Өзің қай жерде туғансың?
– Семейде. Ал әпкелерім Ақсуатта.
– Анаң намаз оқи ма?
– Оқиды.
– Әкең ше?
– Жұма намазына ғана барады.
– Анаңа сәлем айт. Бір қазақ көрдім деп айт.
– Жарайды. Бірақ мен сізді сыртыңыздан бірнеше мәрте көргенмін...
– Солай ма?
– Иә...
– Осы мешітке жиі кеп тұрсаң, әлі талай кездесерміз.
– Жазда Құран курсы болады. Соған қатысамын Алла жазса.
– Бәрекелді! Жақсы онда, кездескенше!
– Сау болыңыз.
***
Исламға қазақтың тақиясын анасы кигізіп жіберетін секілді. "Қоңырат" екенін де құлағына құйып тастапты. "Түріктің елінде жүрсең де, өз еліңді ұмытпа!" деген болу керек. Ыстамбұлдың шетіндегі Пендик ауданынан осылай бір емес, бірнеше қазақ пен қазақстандық кездестіріп қаламыз ара-тұра...
Ислам. Қазақ. Қоңырат. Тақия
|
7 комментариев
-
Cаттар"ара-сыра" емес, "арасында" немесе "ара-тұра" шығар10 лет назад
-
Салтан СайранұлыАлмат аға, дұрыс байқапсыз. Түрікшесімен шатастырып жазып жіберіппін. Түрік тілінің жұқпалылығы сонша, кейбір сөздеріміздің қалай түрікше кетіп қалғанын аңғармай қалып жатырмыз.10 лет назад
-
Cаттарұқсас тілдің қауіптілігі де сонда ғой: "білдірмей" алады10 лет назад
-
Cаттартақырыбын тауып қойыпсың. бұл да олжа10 лет назад
-
Nurqanat BaizaqБөтен елде қазақ кедестірсең ыстық көрінетін шығар.10 лет назад
-
Салтан СайранұлыОның рас, Нұрқанат. Бір күні Мирас досым екеуміз қазақша әңгімелесіп, күліп тұрсақ, анандай жерде бізге қарап тұрған бір түрік баласы да әңгімемізге құлақ түріп, күліп тұр. Досыма "Әй, ана түрік бала бізді түсініп тұрғандай неменесіне күліп тұр" десем, әлгі бала оған да күліп, қасымызға келіп, "қазақсыңдар ма?" дееп қазақша судай ағып тұр. Сөйтсек, өзіміздің Тараздың ахыска түрігі екен. Есімі де "Әлихан". Ой таңғалғанымызды-ай. Содан Мирас досым тағы бірде дүкенге кіріп, "Микроволновка" іздеп тұрса, қасына бір түріктің сатушы қызы келіп, "көмек қажет па?" дейді. Мирас та микроволновканың түрікшесі қалай еді?" деп тұрса, сол жердің тағы бір сатушысы әлгіге "Mikro dalga soruyor" депті. Мирас аң-таң. Сен қазақшамды қалай түсініп қойдың десе, ол да Қазақстанның ахыска түрігі болып шыққан. Мұндай оқиғалар тізе берсем, көп. Бір кафеде жұмыс істеп жүрген Лаура есімді бір апайымызды да кездестіріп қалған едік. Шетелде бір қазақты көргенде қатты қуанып кетесің. Әсіресе, алғашқы жылы келгенде.10 лет назад
-
Aru kyzТүсінемін:)10 лет назад
О блоге
Прямой эфир
-
Ернар Елмуратов добавил(-а) новую запись: "Узнаем у имама: запрещено ли в религии изображать ..."1 год назадБөгенбай ЗИЯЛЫ добавил(-а) новую запись: "День бороды: история неотъемлемой части мужской мо..."1 год назадCаттар добавил(-а) новую запись: "Әке гені жүктілік кезінде болашақ ананың метаболиз..."1 год назадNurqanat Baizaq добавил(-а) новую запись: "Ерлан Мазан: Қытай азаматтығынан бас тартқан тұлға..."1 год назадЕрнар Елмуратов добавил(-а) новую запись: "У меня украли деньги, отданные мне на хранение. Яв..."1 год назадCаттар добавил(-а) новую запись: "Мәди Сырымбет: Тәліптермен кездесудің не мәні бар?..."1 год назадДәурен добавил(-а) новую запись: "ҚАЗАҚТЫҢ күні НЕГЕ тәліптерге қарап қалуы мүмкін? ..."1 год назад2024, Islam.kz - национальный, духовно-просветительский портал
Использование материалов разрешается при условии ссылки на islam.kz.