Уильям Гладстон дегеніне жеткендей...

Ислам діні мен мұсылмандар әлеміне өле-өлгенше қас боп өткен, Ұлыбританияның бірнеше мәрте премьер-министрі болған Уильям Гладстон былай деген екен: «Мұсылмандардың қолында Құран барда біз оларға билік жүргізе алмаймыз. Қалай да болсын олардың қолдарынан Құранды алуымыз керек не болмаса Құраннан араларын алыстатуымыз керек».

Оның «қолынан Құранды алуымыз керек, Құраннан араларын алыстатуымыз керек» дегені мұсылмандарды барлық Құран ілімінен алыстатып, өз дінінен мақұрым қалатын надан, құндылығының парқына бара алмайтын санасыз, нұрынан қуат алмайтын рухсыз, ақиқатынан жігерленбейтін қауқарсыз қылу дегені. Сол кезде мұсылмандар олардың айдағанына жүретін, айтағына көнетін босбелбеу, ынжық бір үмбет болмақ.

Міне, бұл Гладстонның Осман мемлекетін қалай да құлату үшін қолданған саясаты. Бүгінде Гладстонның бұл саясаты барлық мұсылмандардың басына туып отыр. Құран ілімі тұрмақ, Құранды жүзінен де оқи алмайтын халге жеттік. Атам Қазақ айтқандай «әліпті таяқ деп білмейтін» күйге түстік. Содан болар мұсылман үмбетінің көрінгеннің илеуінде, әркімнің билеуінде жүргені.

Құран ілімінен алшақ қалғандықтан да әркімнің бір қуыршағына айналды мұсылмандар. Пайғамбарымыздың : «Ілім, хикмет – мүминнің жоғалтқан қазынасы. Оны қай жерден тапса да, қалай да қолына түсіруі тиіс», – деуі де осы хәлімізді білгеннен болар... Алла тал бесіктен жер бесікке дейін ілім ізденіп өтуді нәсіп етсін! 

Салтан СайранұлыСалтан Сайранұлы
10 лет назад 4570
2 комментария
О блоге
0
251713 163 216 2798 119