Олар қыздарын тірідей көмген надан, ал біз олардан жаман...
Арабтардың жәһилдік, надандық кезеңін еске алсақ, құйқамыз шымырлап, төбе шашымыз тік тұрып, шошынып, ұшынып, жаман бір хал кешеміз. Солай емес пе? «Қызын тірідей көмгені несі?» «Құдай-ау, қызын көзі тірісінде көрге тыққаны қалай? Неткен надандық!» «Ұят», «намыс», «абырой» деп қызын қалайша өлімге қияды екен?» «Кедейліктен қорқып бауыр еті баласын жүрегі шімірікпестен жардан қалай жыға салады-ей?», – деп жүрегіміз ауырып, жанымыз сыздап, қиналып кетеміз. Тіпті, мұндайға бір түрлі сенгіміз де...