Ауру «АУРУХАНАДАН» басталады...
Ауру «АУРУХАНАДАН» басталады...

Өз басым «АУРУХАНА» деген атауға қарсымын...

Алла Тағала Қасиетті Құран Кәрімде: «Құлдарыма айт! Сөздің ең көркемін сөйлесін!», – дейді. Ал Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Жақсы сөз – садақа» дейді. Сүлеймен Пайғамбардың да (а.с.): «Көркем сөз – араның ұясынан тамшылап аққан бал секілді, адамның рухына дәм берер», – деген сөзі бар екен. Медицинаның атасы Ибн Сина да науқастың алғашқы дауасы жанға жайлы сөзден демей ме? Қазақта да жақсы сөзге қатысты жақсы сөздері көп: «Жақсы сөз – жанға дауа», «Жақсы сөз – жанның тынысы», «Жақсы сөз – жарым ырыс».

Сондықтан да, ауырып шипа іздеп барғанда маңдайшадағы «АУРУХАНА» деген жазудан гөрі «ШИПАХАНА» деген жазуға көзің түссе, көңілің де жадырап салмай ма? Жақсы сөз – көңілдің кілті, көркем сөз – дертке дауа емес пе? Ендеше «аурухананы» «шипахана» деп ауыстырсақ болмай ма?

Сурет "Азаттық радиосынан" алынды

Ибн Сина, пайғамбар, Аллаһ, аурухана, көркем сөз, шипахана, Мақал, Жақсы сөз
Салтан СайранұлыСалтан Сайранұлы
10 жыл бұрын 5699
6 пікір
  • Уағалейкумсалам, аға! Иә, оларға да өзгеріс керек секілді. Адамдар полициядан және дәрігерден қатты қорқады ғой бізде... өкінішті-ақ...
    10 жыл бұрын
  • Расында «АУРУХАНА» деген сөзді естігім келмейді )
    10 жыл бұрын
  • Орынды ұсыныс. Емхана деген бар ғой қолданыста. Тек қолдану аясын кеңейту керек.
    10 жыл бұрын
    • Бізде "емхананы" "поликлиникаға" ғана қолданады. Ал "аурухананы" орыстың "больницасынан" аудара салса керек. Сондықтан да, я поликлиниканы да больницаны да "емхана" деу керек, я болмаса "больницаны" "шипахана" деген дұрыс болар...
      10 жыл бұрын
  • Дұрыс айтасыз. Тілге жатталған "емхана" деген атауы да бар ғой, соны қолданайық.
    10 жыл бұрын
  • Aliya
    "Korkem soz - aranyn uyasynan tamshylap akkan bal sekildi, adamnyn ruhyna dam berer"...
    9 жыл бұрын
Блог туралы
0
251713 163 216 2798 119