ҚАУІПТІ ОЙЫН! ЕЛГЕ КІРМЕСТЕН БҰРЫН ТЫЙЫМ САЛАЙЫҚ! (ФОТО)
ҚАУІПТІ ОЙЫН! ЕЛГЕ КІРМЕСТЕН БҰРЫН ТЫЙЫМ САЛАЙЫҚ! (ФОТО)

Жастар арасында жылдам танылып үлгерген Pokemon Go ойыны біраз мемлекетте тыйым салына бастады. Шығыс Азия мемлекеттерінде Малайзия бастаған 15 ел бұл ойынға ресми тыйым салды. Малайзияның Федералды Ислам Кеңесі мүфтиі Зүл-Кифл Мохаммед әл-Бакри Кеңестің веб-сайтында жасаған мәлімдемесінде: «Федералды Ислам Кеңесі тамыздың 1-інде өткізген жиынында Pokemon Go  және Pokemon ойындарына мұсылмандар тарапынан ойнауына рұқсат берілмейтіні жайында шешім шығарды», ­­­- деді. Олар мұндай шешімге Сауд Арабиясы мен Мысыр ғалымдарының Pokemon Go ойынына зиянды деп баға берген пікірлерін ескере отырып келгенін жазған. 

Шілде айының басында ғана нарыққа шығып, алғашқы күндерінде-ақ әлемді жаулап алған бұл ойын камераның және GPS-тің көмегімен ойналады. GPS-ті қосып, камераны ашып, сол камера арқылы Pokemon кейіпкерлерін қала ішінен, ғимараттардан, көшелерден іздеп жүріп ұстайтын ойынға наразылықтар да туып жатыр. Себебі, бұл ойын АҚШ-тың Орталық Барлау Басқармасының (CIA) жаңа бір өнімі деуде. Яғни, камера және GPS арқылы көше, ғимарат, үйлердің барлық түр-сұлбасы жайында ақпарат жинақтау үшін дайындалған еш шығынсыз бір жобасы делінуде. Бұл ойынды ойнаушылар болса, Орталық Барлау Басқармасының тегін «шпион-агенттері».

Pokemon Go ойынын дамытып шығарған компания Niantic пен бұл фирманы құрушы John Hanke бұған дейін Орталық Барлау Басқармасы (CIA) үшін In-q-Tel компаниясында Google Earth-ды дамыту үшін акциялар қорын пайдаланған. Ал In-q-Tel компаниясы бір кездері «АҚШ барлау қауымдастығы» қызметтерін қолдау үшін инновациялық технологиялар шешімдерін дамыту мақсатындағы тәуелсіз стратегиялық инвестициялық компания» ретінде танылған. Бұл In-q-Tel компаниясы болса, 2000-шы жылдардың басында Keyhole компаниясына инвестор болған.

Keyhole компаниясы спутник арқылы әлем картасындағы ғимараттардың 3D көрінісін шығарумен айналысады. Компанияның атауы да кездейсоқ емес. «Keyhole» «құлыптың кілт кіретін саңылауы» деген мағынаны береді.

Сондай-ақ бұл компания Американың ұлттық барлау кеңсесінің тыңшы спутниктерін ұшыруына мұрындық болған. Ал 2014 жылы Google Keyhole компаниясын сатып алып, осы компанияның көмегімен Google Earth технологиясын, яғни спутниктік картаны дамытып шығады.

Осы қызметтерден кейін бұл ойынның да шығу мақсаты айқын болғандай. Яғни, жасырын ғимараттар жайында ақпараттар қажет болса, Pokemon-ды сол жерге апарып жасырады. Ойнаушы болса, әлгі Pokemon-ды табамын деп сол жерге барып, камерасын қосып іздейді. Ал ғимарат жайындағы қажетті ақпараттың бәрі «ойынды құрастырушылардың» мәліметтер базасына түседі. Бұл террористік ұйымдарды қолдан жасақтап шығып жатқан сыртқы күштер үшін де террористердің қолына ұстата салатын таптырмас ақпараттар екенін де естен шығармағанымыз жөн. Міне, ойын деп қараған дүниеміздің осындай тыңшылық да рөлі барын ескергеніміз жөн.

Сол себепті, бұл тыңшы-ойын балаларымызға да жұқпастан бұрын қалай да тыйым салынуы қажет. Әкімшілік ғимараттарға қалайға смартфондармен кіруге тыйым салынса, елге де бұл ойынның кірмеуін солайша тыйым салынуы қажет. Иранда "қауіпсіздік" мәселесі ретінде бұл ойынға мемлекет бойынша тыйым салынды. Индонезияда болса, полициялардың қызмет барысында ойнауларына тыйым салынды. Францияда болса, Pokemon-ды аулаймын деп жүріп әскери бөлімшеге кіріп кеткен ойыншы тұтқындалған. 

Ойынның зардабы бұл ғана емес, әлемде қаншама адам қазаға  да ұшырап үлгерді. Pokemon іздеймін деп телефонына шұқшиған қаншама адам көлік апатына ұшыраған, көліктің де астына кіріп кеткен. Уақыт ысырабы да өз алдына. Себебі, бұл бір орында отырып ойнайтын ойын болмағандықтан, ойыншылар Pokemon қуамыз деп көше, қала да кезіп кетеді. Сол үшін бұл ойынға үкімет тарапынан ресми тұрғыда тыйым салынуы қажет деп білемін! 

                    

тыйым, ойын, сақтан, Pokemon Go, Зиян
Салтан СайранұлыСалтан Сайранұлы
8 жыл бұрын 5154
0 пікір
Блог туралы
0
251713 163 216 2798 119