Әжесі немересі Нұрахметті жұмысқа ертіп апарып, "сурет сал" деп қалам-қағаз берсе, балам мына суретті салып апарып көрсетіп тұр екен. Суретке толықтыру енгізбек болған әжесі:
- Баланы орындыққа отырғызып салыпсың, енді партасын да қоса салсаңшы, - десе, Нұрахмет:
- Жоқ, бұл бала Құран оқып отыр. Біз Құранды осылай оқимыз, - депті. Әжесі таңғы шайда немересінің осы суретін көрсетіп, баланың ғажайып қиялына сүйсініп, жұмыстағы осы жайды әңгімелеп беріп отыр.
Аллаға шүкір, Қасиетті Кітабымыз осылайша балаларымыздың қиялында жаңғырса, рухынан да орын табар деген үміттеміз...
МашаАллаx!Осындай тәрбие берген Нұраштың ата анасынан Аллаһ разы болсын!