HUZUREVİ...

Түркия. Картал метросы. «Huzurevi» стансасы. Осы уақытқа дейін бұл метрода қанша жүрсем де, осы стансаның атауына қатысты ой енді келіп отыр.

Түріктер «Қарттар үйін» – «Huzurevi» деп атайды. Түрікше «HUZUR» сөзі «тыныштық», «жан тыныштығы», «тыным», «мазасыздық» деген мағыналарға саяды. Сонда қарттар үйі түріктерде «жан тыныштығын сылайтын үй» ма? Бірақ, кімге жан тыныштығын сыйлайды? Әке-шешеден безінген балаға жан тыныштығын сыйлай ма? Жоқ әлде опасыз баладан кетіп, жан тыныштығын табатын пана ма бұл «Huzurevi».

Әй олай емес-ау... Бұл мемлекеттің жүрегі жаралы, жанын дерт шалған қарттардың қаяу түскен көңіліне жұбату болсын деп таққан атаулары болса керек. Баладан, дәлірек айтсақ, шаладан көңілі құлазыған қарттардың дертіне демеу болайық, жүрек жыртығына жамау болайық деп, «келіңіз жан тыныштығы бізде!» деп әдейі «Жан тыныштығын сыйлау үйі» деп қойған атаулары секілді.

Ескі тамыр-танысы кездесіп қалып, қал-жағдай сұрасқан соң, «қайда тұрып жатырсың?» десе де, «жан тыныштығы үйіндемін» десе де, құлаққа жағымды естіледі емес пе?

Ал «Қарттар үйі»... Білмеймін... Бір түрлі... Суық естіледі...

(Сурет: Кызылжахамам қарттар үйіндегі 67 жастағы Мухаррем Зорлу ата мен 77 жастағы Ханым Кылыч әженің үйлену тойларынан. www.ilgazetesi.com.tr сайтынан)

Салтан СайранұлыСалтан Сайранұлы
9 лет назад 5093
8 комментариев
  • "Жəннат үйіндемін" десе де естіген адамға қалдырар əсері сол. Аты өзгергенімен - заты бір екендігі бірден миға сигнал боп барады. :)
    9 лет назад
    • Абдусамат аға, десек те, "жақсы сөз - жанға дауа" ғой. Сосын, интернеттен біраз Түркиядағы қарттар үйін қарадым. Көбісінің сайты бар екен. Ішіне суреттерін қойыпты. Ұрандары да "Жанға тыныш жағдай жасаймыз" деген мағынада (Huzurlu ve mutlu bir yaşam için Çağdaş Yaşlı Bakım Merkezi hizmetinizdedir, Huzurlu bir aile ortamında, eğitimli ve dinamik hizmet kadrosu ile kişiye özel hizmet anlayışını benimseyen Avrasya Huzurevi sizleri ve yaşlılarımızı yeni binamızda ailemize katılmaya davet etmektedir, Onlar için huzurlu bir ortam hazırlamak Doğa'nın sorumluluğundadır, т.б.)
      Яғни, атына сай затын да ұстануға тырысатынын байқадым...
      9 лет назад
      • Дегенмен, Қарттар үйіне бұлай шақырғаны бір түрлі екен! Ақсақалды аталар мен ақ жаулықты аналардың қарттар үйіне баруының көбеюі жақсы нәрсе емес қой! Ал мұнда оны бір керемет қылып жарнамалап шақыруда.
        9 лет назад
        • Оныңыз да рас... Себебі, бұларға мемлекет ақша бөлетін болу керек... Сосын өздеріне адам тартуға тырысады. Бұл бәсекелестік туындатады. Ал бәсекелестік сапаны көтереді.
          Ал енді мұндай жарнамаға еліктеп қарттар үйіне ұмтылып тұратын адам өте аз шығар.
          Десек те, келіп жатқандарға мұндай жағдай жасау өте орынды!
          9 лет назад
      • Мың жерден жағдайын жақсартса да қарттар үйінің аты қарттар үйі. Естіген адамның бəрібір көңіліне қаяу түсіреді. "Заты" дегенімнің мəні сол.
        9 лет назад
  • Салтан жазбаларыңды сағынып қалыппыз. Жазбаларың көбейе берсін.
    9 лет назад
  • Алла сұрағанын беруші. Алладан ұрпағымыздың иманды, саналы, парасатты болуын, ата-анаға мейірімді болуын сұрайық.
    9 лет назад
  • "Beyaz melek" деген фильмді көргендеріңіз бар ма? Сонда осы "Huzurevin" көрсетеді. Бірақ ол жақта жағдай мүлдем басқаша...
    9 лет назад
О блоге
0
251713 163 216 2798 119