Қыздарымның шахмат үйіріне барып жүрген кезі ғой. Үйірмеден үйреніп келгендері бойынша үйде өздерінше шахмат ойнайды. Бір күні шахматқа барып жүрген үшеудің кіші екеуі фигуралардың жүрісіне дауласып қалды. Ең кішісі фигураға лайықты жүріспен жүрмесе керек, сәл үлкендеуі әлгінің қатесін түзетіп әуре. Кішісі де өз дегенінен қайтар емес. У да шу. Бұны байқап отырған үлкен қызым:
– Қараңдар, одан да былай ойнасаңдаршы! Мынау (король) – әкесі, мынау (ферзь) – анасы, ал мыналар (пешкалар) – балалары, – деді де екеуіне де ортақ бір ойынды ұйымдастырып кеп жіберді. Дауласып отырған екеуі сап тыйылды да, үлкен әпкелерінің бастап берген ойынын тату-тәтті жалғастырып әкетті.
***
Қыздарымның қылықтарына қарап отырып, “адамдардың арасында дау мен түсініспеушілік “өзімбілемдіктен” басталады екен ғой” деген ойға кенелдім. Адамдарды табыстыратын тек ортақ құндылықтар ғана екеніне қызымдарым тағы да көзімді жеткізді. Ортақ құндылықтарға құрмет қалмаған қоғамда дау да көп болады. Қазақ үшін ортақ құндылық СӨЗ болған. Сондықтан да қазақ қандай үлкен дау болмасын, ПӘТУАЛЫ СӨЗГЕ ТОҚТАҒАН. Бүгінде бұл сөз құндылығына құрмет қалмағандықтан қадірі кеткен, қадірі кеткендіктен де әркім “өзімбілемдікке” салып жүр.
Ендеше қай ортада болмасын ортақ құндылықтарымыздан сөз етіп, жүйелі сөзге жол берейікші…
ҚЫЗДАРЫМНАН БІР ҒИБРАТ...
|

0 комментариев
О блоге
Прямой эфир
-
Бөгенбай ЗИЯЛЫ добавил(-а) новую запись: "Бұл енді енді шектен шыққандық..."15 часов назадЕрнар Елмуратов добавил(-а) новую запись: "Разрешено ли в исламе объединять две сделки в одно..."2 дня назадАқшолпан НҰРДӘУЛЕТ добавил(-а) новую запись: "Интернет қолданушылары қай әлеуметтік желіге көбір..."3 дня назадДәурен добавил(-а) новую запись: "Золотой век исламской цивилизации: создание летающ..."4 дня назадNurqanat Baizaq добавил(-а) новую запись: "Смысл в чем? Получить пневмонию и цистит?..."7 дней назадCаттар добавил(-а) новую запись: "Сүндет жыныстық жолмен берілетін аурулардан және қ..."8 дней назад2023, Islam.kz - национальный, духовно-просветительский портал
Использование материалов разрешается при условии ссылки на islam.kz.