ҚЫЗЫҚ ТӘЖІРИБЕ…
ҚЫЗЫҚ ТӘЖІРИБЕ…

“Медет, я, Сина!» деп медет тілеген медицина ғылымының атасы Ибн Сина мынадай бір қызық тәжірибе жасаған екен.

Ол бірдей жастағы, бірдей салмақтағы, тіпті бір жыныстағы екі қозыны торға тоғытады екен де, екеуіне де бірдей жем-шөп беріп асырайды екен. Алайда, бір қозының жанына бөлек бір торға қасқырды қамайды екен. Осылайша, бір қозы қасқырды үнемі көріп тұрса, екіншісі оның бар екенін де сезбейді.

Арадан белгілі бір уақыт өткеннен кейін қасқырды күнде көріп тұрған қозы жем-шөп жеуден қалып, әбден жүдейді екен де, соңында өліп тынады. Ал қасқырды көрмеген қозы томпиып, семіре береді.

Бұл тәжірибеден Ибн Сина мынадай қорытындыға келеді: «Зейін мен санадағы әсерлер денсаулық пен денеге де оң немесе теріс әсерін тигізбей қоймайды».

Яғни, адамның бойындағы һәм ойындағы қорқыныш, стресс, қайғы, қобалжу, депрессия және түрлі ойлар белгілі бір уақыттан кейін адамға физикалық тұрғыдан да әсер етіп, зардабын тигізеді екен.

***

Бұдан мынадай да қорытынды шығаруға болады:

Бүгінде жаһандық күштер адамның денсаулығы арқылы ақша табуға әбден дәніккен. Адамның денсаулығынан ештеңені аямайтынын білетін бұлар өздерінің фармацевтикалық бизнестерін де жемісті жүргізуі үшін адамдарды стрестік жағдайға түсіретін факторларды да қолдан жасауда. Соның ең ірісі де – банктердегі кредиттік және ипотекалық жүйелер мен сол жүйелердің нәтижесінде қолдан жасалып жатқан экономикалық дағдарыстар. Осының кесірінен адамдар стреске түсіп, ауруға ұшырап, дәріханалардың босағасынан кетпейтін болды. Тіпті, кейбіреулері ауырмай-ақ, өз-өздеріне қол жұмсап, бір-бірін сабап, ең сорақысы бір-біріне қару кезеніп өлтіруге дейін баруда. Алайда, кредит алғандығы үшін өз-өздерін кінәлаған ешкімді көрмедік. Әйтеуір, бәрі кінәні біреуден көруде.

Жалпы, жаһандық күштердің мұндай ойынына ойыншық болмаудың жалғыз ғана жолы – кредиттік жүйеге жақындамау, өсімнен сақтану, ипотекадан барынша ұзақтау. Сонда ғана адамның ай сайын желкеңде тұратын кредиттен ұйқысы тыныш, көңілі хош болмақ. Көр де тұрыңыз, бұдан дәріханалардың да саны азайып, ауруханалар да біршама босап қалады.

https://www.instagram.com/saltan_sayranuly/ 

Салтан СайранұлыСалтан Сайранұлы
3 года назад 11220
0 комментариев
О блоге
0
251713 163 216 2798 119