ҚОШ КЕЛДІҢ, ЖҮСІБІМ... (Ғашықтар хикаясы)
Жүсіп әке-шешесінің жалғызы ғана еді. Отбасында одан басқа бала жоқ. Сондықтан да әке-шешесі бар күш-жігерін Жүсіптің жақсы тәрбие алуы үшін жұмсайтын. Жүсіп Имам-Хатип мектебінің оқушысы... Оның бұрыннан бері ұнататын бір қызы бар. Есімі – Аяулым. Аяулым сыныптың ең инабатты қызы. Албырт жүзін үнемі жерден алмайды. Басын көтеріп жан-жағына алақ-жұлақ қарау – ол үшін жат. Тіпті үзіліс кезінде де сыныптан шықпай, үнемі үйінен өзімен бірге ала келген кітаптан бас алмайды. Аяулымды ұнататын Жүсіп сабақ кезінде ылғи оған ұрлана қарайтын. Ол болса көзінің қиығымен де Жүсіпке...