Бесін намазын оқиын деп мешітке кірсем, қазақтың тақиясын киген бала көзіме оттай басылды. Жанына жақындадым да:
– Кім боласың? – деп сұрадым. Ол да:
– Қазақпын! – деді.
– Атың кім?
– Ислам.
– Нешедесің?
– Ондамын.
– Әкең аты кім?
– Бауыржан?
– Мұнда не істеп жүрсің?
– Осында тұрамыз.
– Әкең қайда?
– Қазақстанда, Павлодарда.
– Сен кіммен тұрасың?
– Түрік әкеммен.
– Есімі кім?
– Февзи.
– Қанша жыл болды келгендеріңе?
– Төрт жыл болды.
– Оқисың ба?
– Иә, мектепте оқимын.
– Қанша ағайынсыңдар?
– Бесеуміз.
– Бесеуің де туғансыңдар ма?
– Жоқ, үлкен екі әпкем және мен – бір туғанбыз. Қалған екі бауырым – түрік.
– Әкең немен айналысады?
– Қайық-кеме жөндейді.
– Елге барып тұрасыңдар ма?
– Иә. Атам мен әжеме барып тұрамыз.
– Қай ел боласың?
– Қоңырат.
– Атаң мен әжең қайда?
– Атырауда.
– Өзің қай жерде туғансың?
– Семейде. Ал әпкелерім Ақсуатта.
– Анаң намаз оқи ма?
– Оқиды.
– Әкең ше?
– Жұма намазына ғана барады.
– Анаңа сәлем айт. Бір қазақ көрдім деп айт.
– Жарайды. Бірақ мен сізді сыртыңыздан бірнеше мәрте көргенмін...
– Солай ма?
– Иә...
– Осы мешітке жиі кеп тұрсаң, әлі талай кездесерміз.
– Жазда Құран курсы болады. Соған қатысамын Алла жазса.
– Бәрекелді! Жақсы онда, кездескенше!
– Сау болыңыз.
***
Исламға қазақтың тақиясын анасы кигізіп жіберетін секілді. "Қоңырат" екенін де құлағына құйып тастапты. "Түріктің елінде жүрсең де, өз еліңді ұмытпа!" деген болу керек. Ыстамбұлдың шетіндегі Пендик ауданынан осылай бір емес, бірнеше қазақ пен қазақстандық кездестіріп қаламыз ара-тұра...
Ислам. Қазақ. Қоңырат. Тақия
|
ислам, тақия, қазақ, Қоңырат, Ру
7 пікір
-
Cаттар"ара-сыра" емес, "арасында" немесе "ара-тұра" шығар10 жыл бұрын
-
Салтан СайранұлыАлмат аға, дұрыс байқапсыз. Түрікшесімен шатастырып жазып жіберіппін. Түрік тілінің жұқпалылығы сонша, кейбір сөздеріміздің қалай түрікше кетіп қалғанын аңғармай қалып жатырмыз.10 жыл бұрын
-
Cаттарұқсас тілдің қауіптілігі де сонда ғой: "білдірмей" алады10 жыл бұрын
-
Cаттартақырыбын тауып қойыпсың. бұл да олжа10 жыл бұрын
-
Nurqanat BaizaqБөтен елде қазақ кедестірсең ыстық көрінетін шығар.10 жыл бұрын
-
Салтан СайранұлыОның рас, Нұрқанат. Бір күні Мирас досым екеуміз қазақша әңгімелесіп, күліп тұрсақ, анандай жерде бізге қарап тұрған бір түрік баласы да әңгімемізге құлақ түріп, күліп тұр. Досыма "Әй, ана түрік бала бізді түсініп тұрғандай неменесіне күліп тұр" десем, әлгі бала оған да күліп, қасымызға келіп, "қазақсыңдар ма?" дееп қазақша судай ағып тұр. Сөйтсек, өзіміздің Тараздың ахыска түрігі екен. Есімі де "Әлихан". Ой таңғалғанымызды-ай. Содан Мирас досым тағы бірде дүкенге кіріп, "Микроволновка" іздеп тұрса, қасына бір түріктің сатушы қызы келіп, "көмек қажет па?" дейді. Мирас та микроволновканың түрікшесі қалай еді?" деп тұрса, сол жердің тағы бір сатушысы әлгіге "Mikro dalga soruyor" депті. Мирас аң-таң. Сен қазақшамды қалай түсініп қойдың десе, ол да Қазақстанның ахыска түрігі болып шыққан. Мұндай оқиғалар тізе берсем, көп. Бір кафеде жұмыс істеп жүрген Лаура есімді бір апайымызды да кездестіріп қалған едік. Шетелде бір қазақты көргенде қатты қуанып кетесің. Әсіресе, алғашқы жылы келгенде.10 жыл бұрын
-
Aru kyzТүсінемін:)10 жыл бұрын
Блог туралы
Тікелей эфир
-
Ернар Елмуратов жаңа жазба қосты: "Узнаем у имама: запрещено ли в религии изображать ..."1 жыл бұрынБөгенбай ЗИЯЛЫ жаңа жазба қосты: "День бороды: история неотъемлемой части мужской мо..."1 жыл бұрынCаттар жаңа жазба қосты: "Әке гені жүктілік кезінде болашақ ананың метаболиз..."1 жыл бұрынNurqanat Baizaq жаңа жазба қосты: "Ерлан Мазан: Қытай азаматтығынан бас тартқан тұлға..."1 жыл бұрынЕрнар Елмуратов жаңа жазба қосты: "У меня украли деньги, отданные мне на хранение. Яв..."1 жыл бұрынCаттар жаңа жазба қосты: "Мәди Сырымбет: Тәліптермен кездесудің не мәні бар?..."1 жыл бұрын2025, Islam.kz ұлттық, рухани-ағарту порталы
Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті.