Қасиетті Қағбадағы қанды оқиға: ҚАЗАҚ ҚАЖЫЛАРЫ АМАН БА? (ФОТО, ВИДЕО)
Қасиетті Қағбадағы қанды оқиға: ҚАЗАҚ ҚАЖЫЛАРЫ АМАН БА? (ФОТО, ВИДЕО)

Кеше Қасиетті Меккеде қатты дауыл соғып, құрылыс краны құлады. Құлаған кран Қағбаны тауап етуге келген 87 қажының өмірін қиды. 184-і де жарақаттанды. Алайда бұл соңғы мәлімет емес. Қаза тапқандар мен жарақаттанғандардың саны әлі де артуы мүмкін. Бұл жайында Сауд Арабиясының Әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді. Хабарланған мәліметтерге сүйенсек, қазіргі уақытта Меккеде шамамен 800 мың қажы қажылық рәсімін атқаруда. Оның үстіне оқиға жұма күні болғандықтан қажылардың көбі Қағбаның маңайынан табылған.

Қазіргі уақытта әр ел қажылыққа кеткен өз азаматтарын түгендеуде. Түріктер қаза тапқандардың арасынан өздерінің 2 азаматын анықтаған. Ал 19-ы жарақаттанған. «Бұл да әлі нақты сан емес. Десек те артпасын деп тілейміз», – дейді Түркияның сыртқы істер министрлігі өкілі.

Ал Дағыстаннан қажылыққа 4 мың адам кеткен екен. «Әзірше жеткен хабар бойынша, қаза тапқандардың арасында азаматтарымыз жоқ», – дейді Дағыстан қажылар орталығының жетекшісі Ахмад қажы Хабибов.

Бір қызығы, Меккедегі кранның құлауы (11.09.2015) АҚШ-тағы «егіз мұнараның» құлаған күніне (11.09.2001) дөп кеп тұр. Арада тек 14 жыл. Бұл кездейсоқ па, жоқ әлде...  

 

 

Салтан СайранұлыСалтан Сайранұлы
9 лет назад 17311
6 комментариев
  • Кездейсоқ болар аға. Дегенмен Алланың үйі, Қасиетті жер ғой. Бәрі де Алланың қалауымен.Раббымыз қаза тапқандарды өз Раxматымен Жәннәттық етсін!
    9 лет назад
  • Қасиетті Жұма күні, Қасиетті Меккеде көз жұмуды тілеп барғандар шығар, ол жағы Аллаға мәлім.
    9 лет назад
  • Желден деп жазған еді ғой. 9/11-ге еш қатысы жоқ
    9 лет назад
  • Былай айтканда не кулеринди не жыларынды билмейтин жагдай екен! Бир жагынан кимнин арманы емес дисин Алла жолында касиетти мекенде коз жуму.
    9 лет назад
  • Бұның да бір қайыры бар шығар! Жандары жәннатта болғай!
    9 лет назад
  • Қажылыққа ниеттеніп барғандар дәл жұма күні және осылай қаза тапқандықтан шейіт болар, ИншаАллаһ! Шынында да нағыз мұсылманның арманы болатындай жағдай екен... Аллаһ Тағала қайтыс болғандардың отбасына, туыстарына сабыр берсін!
    9 лет назад
О блоге
0
251713 163 216 2798 119